Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" пен "Барселона" арасындағы тартысты ойынның жеңімпазы анықталды

Опубликовано:

"Манчестер Юнайтед"
"Манчестер Юнайтед" клубының ойыншылары. Фото: Twitter/UEFA Europa League

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің жауапты матчында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Барселонаны" қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Олд Траффорд" стадионында өткен матчтың 18-минутында "Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски он бір метрлік айып добынан есеп ашты.

Осыдан кейін "Манчестер Юнайтед" бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Алайда алғашқы таймда есеп өзгеріссіз қалды.

Ойынның екінші жартысын алаң иелері өте белсенді бастады. Нәтижесінде 47-минутта Бруно Фернандештен пас қабылдаған Фред есептті 1:1-ге жеткізді.

Ал 73-минутта "Манчестер Юнайтедттің" шабуылшысы Антони кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, Эрик Тен Хагтың шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа лигасының келесі айналымына жолдама алды.

Еске сала кетейік, "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы алғашқы ойын тең нәтижемен аяқталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010658-mancester-yunaited-pen-barselona-arasyndagy-tartysty-oiynnyn-zenimpazy-anyqtaldy/

pixel