Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоңқабаевтың өзбек боксшысына қарсы жекпе-жекке неліктен шықпағаны анықталды

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев
Фото: olympic.kz

Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа" турнирінің ширек финалында неліктен рингке шықпағаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.

"Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты "Странджа" рингіне шықпады. ⠀ Айта кетейік, 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болған.

Алда маңызды жарыстар - Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010693-qonqabaevtyn-ozbek-bokssysyna-qarsy-zekpe-zekke-nelikten-syqpagany-belgili-boldy/

pixel