Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бензема емес": Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы анықталды

Опубликовано:

Винисиус Жуниор
Винисиус Жуниор мен Родриго. Фото: Twitter/Real Madrid C.F

"Реал Мадрид" клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл атаққа үміткерлердің қатарында Винисиус Жуниордан бөлек, "Интердің" жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу, "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Рияд Марез және "Наполи" футболшысы Ирвинг Лосано болды.

Осылайша, жанкүйерлердің дауысымен "Реал Мадридтің" талантты ойыншысы аптаның үздігі атанып отыр.

Айта кетейік, "Ливерпуль" мен "Реал Мадрид" арасындағы ойын 2:5 есебімен аяқталды. Аталған ойында карольдік ұжымның шабуылшысы Винисиус Жуниор екі гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010806-benzema-emes-cempiondar-ligasynyn-osy-aptadagy-uzdik-oiynsysy-anyqtaldy/

pixel