Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Странджа" турнирінде Нұрқанат Райыс екі рет нокдаун алса да өзбек боксшысын жеңді

Опубликовано:

Боксер Нурканат Райыс
Нурканат Райыс. Фото: afb.kz

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрқанат Райыс ширек финалда Өзбекстан өкілі Алохон Абдуллаевпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен отандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп 4:1.

Осылайша, Нұрғанат Райыс "Странджа Кубогының" жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде ел қоржынына қола медаль салып отыр.

Айта кетейік, отандық спортшы үшінші раундтың басында қатарынан екі рет нокдаун алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұловтың турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010822-strandza-turnirinde-nurqanat-raiys-eki-ret-nokdaun-alsa-da-ozbek-bokssysyn-zendi/

pixel