Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар Болгариядағы беделді турнирде алтынсыз қалды

Опубликовано:

Оразбек Асылқұлов шаршы алаңда
Оразбек Асылқұлов. Фото: kfb.kz

Болгария астансы Софияда бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі аяқталды. Бұл сында қазақстандық боксшылардың бірде-бірі жеңістің ең биік тұғырына көтерілген жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Странджа" турниріне Қазақстан құрамасы 12 боксшы апарды. Оның ішінде әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов пен Олимпиада жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та болған.

Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар алтынға қол жеткізе алмай, бар болғаны екі медальды қанағат тұтты.

57 келіде финалға шыққан жалғыз қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов финалда Болгария атынан сынға түсетін кубалық Хавиер Ибаньестен ұтылып қалды. Осылайша, күмісті қоржынға салды.

Ал қола медальді 75 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жеткен Нұрқанат Райыс иеленді.

Қалған боксшылардың барлығы да жүлдеге жақындай алған жоқ.

Қоңқабаев өзінің ескі қарсыласы Баходир Жалоловқа қарсы рингке шықпады. Ал Бекзад Нұрдәулетов ширек финалда өзбекстандық Жасурбек Юлдошовтан жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010906-qazaqstandyq-bokssylar-bolgariyadagy-bedeldi-turnirde-altynsyz-qaldy/

pixel