Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалыпты жағдай": Сәпиев турнирдегі жанжал туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Серік Сәпиев
Серик Сәпиев турнирде. Скриншот: youtube.com/@vestnikmma

Naiza 49 Batyr ball турнирінде олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысушы Зелимхан Мусихановпен төбелесіп қала жаздады. Бұл жанжалға қатысты Сәпиевтің пікір білдірді.

Серік Сәпиевтің оқиғаға қатысты пікірі YouTube желісіндегі "МMA Bulletin" (спортшының сөзі 6 минут 38 секундта естіледі) арнасында пайда болды. Кадрларда спортшы Мусихановпен болған оқиға туралы сұраққа жауап берген.

"Менің ойымша, жекпе-жекте болатын әдеттегі жағдай. Мұндай жағдайлар күресте де, футбол алаңында да, барлық жерде де кездесіп жатады. Бірақ ойыннан кейін барлығы дос болып қалуы керек", - деді боксшы.

Ол рингтегі қарсыластарын аямайтынын, бірақ жекпе-жектен кейін олармен дос болғанды ​​жөн көретінін баса айтты.

"Мұндай жағдай неліктен болды? Яғни, ойынымыз біткен соң қарсыласыма қол алысуға барып, жылы қабақ танытамын. Жарайды, мұндай жағдайлар болып тұрады. Олар маған жауап ретінде эмоциямен бірдеңе айтты. Мен жақсы ниетпен алдарына барғанда, олар жағымсыз жауап қайтарды. Ол тағы да жағымсыз жауап қайтарған соң осы жағдай туындады, болды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Сәпиевтің қарсыласының бапкері Александр Гольцман да оқиға туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, Зелимхан Мүсиханов Серік Сәпиевтің бокстан олимпиада чемпионы екенін білмеген.

"Мені ұстап қалған соң оның қасына бірден бара алмадым. Содан кейін ол маған келіп, оның олимпиада чемпионы екенінін білмегенін айтты", - деді Мусихановтың жаттықтырушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010926-qalypty-zagdai-sapiev-turnirdegi-zanzal-turaly-pikir-bildirdi/

pixel