Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда матч кезінде жанкүйерлер алаңға ойыншықтар лақтырды

Опубликовано:

Ойыншық
Фото: Ali Atmaca / Anadolu Agency / Getty Images

"Бешикташ" және "Антальяспор" футбол клубтарының жанкүйерлері матч кезінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің құрметіне алаңға жұмсақ ойыншықтар лақтырды, деп хабарлайды CBS Sports.

Стамбулдағы футбол жанкүйерлерінің әрекеті желіде қызу талқыға түсуде. Себебі, өткен жексенбі, 26-ақпанда "Бешикташ" пен "Антальяспор" клубтары арасындағы матч кезінде Түркияда болған жойқын жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге құрмет ретінде көрермендер алаңға ойыншықтар лақтырған.

Жанкүйерлер ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған.

Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды.

Белгілі болғандай, ойыншықтар жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің балаларына жіберіледі.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етті.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010980-turkiyada-matc-kezinde-zankuierler-alanga-oiynsyqtar-laqtyrdy-video/

pixel