Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйге кеткім келді": Ольга Рыпакова чемпион атанарға дейін қалай қиналғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Ольга Рыпакова Қазақстанның көк туымен
Ольга Рыпакова. Фото: olympic.kz

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Лондон ойындары басталарда өзін жайсыз сезініп, тіпті үйіне кетіп қалуды ойлағанын айтты. Бұл туралы ол Meta Ratings сайтына берген сұхбатында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл ең ауыр кезең еді. 2010 жылы жабық ғимаратта әлем чемпионы атанып, 2011 жылы күміс иеленген соң, Лондонға басты фавориттердің бірі ретінде бардым. Мақсатты түрде жүлде алу үшін дайындалдық. Бейжіңдегі ойын мен үшін мереке болса, мұнда үлкен жауапкершілік сезіндім. Оның үстіне, жарыс басталуына аз уақыт қалғанда жарақат алып қалдым. Жаттығу жиыны өтіп жатқан еді. Ахилл сіңірі асқынып, дәрігердің көмегі сәтсіз болып, аяғымда компресстен күйік пайда болды. Маған аяқ киім киюдің өзі мұң болып қалды.

Десе де, жалаң аяқ жаттығып, мейілінше тоқтаған жоқпын. Үйге кетіп қалсам деген ой да қылаң берді. Бірақ барлық еңбегім зая кететінін біліп, жарақатқа қарамастан, Олимпиадаға келдім.

Іріктеу кезеңіндегі бірінші мүмкіндігім нашар болды. Екінші мүмкіндікте белгіленген сызықты басып кеттім. Сол соңғы рет секірерде бәрі көз алдымнан өтті. Қаншама еңбек, қаншама тер төгілді? Баламнан қанша уақыт жырақта болдым. "Осының бәрі бекер ма?", - деп ойладым. Ең соңғы сәтте ғана жақсы нәтиже көрсетіп, финалға өттім. Әрі қарай медальға таластық", - дейді Рыпакова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011002-olimpiada-aldynda-uige-ketkim-keldi-olga-rypakova-ozi-cempion-atanardan-buryn-qalai-qinalganyn-malimdedi/

pixel