Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы турнирдің іріктеу сайысына қанша отандық спортшы қатысатыны белгілі болды

Опубликовано:

Теннис
Фото: pixabay.com

Елордада өтетін ITF World Tennis Tour BeeTV 40 Women's турнирінің іріктеу сайысында бес қазақстандық теннисші өнер көрсетеді, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

Федерация мәліметінше, жарысты ұйымдастырушылар іріктеу сатысында қазақстандық жас теннисшілерге арнайы шақырту (wild card) беріп отыр.

Дана Байдәулет бастапқы кездесуін іріктеу сайыстарының бірінші ракеткасы, ресейлік Анастасия Гасановамен өткізеді.

Жуырда ғана ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанған 14 жасар Ариана Гогулина Беларусь өкілі Юлия Готовкомен, Альбина Кәкенова ресейлік Ксения Ласкутовамен шеберлік таластырады.

Мария Синицына мен Жанель Рүстемова Ресей спортшылары Татьяна Прозорова, Екатерина Яшинамен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011068-astanadagy-turnirdin-irikteu-saiysynda-qansa-otandyq-sportsynyn-qatysatyny-belgili-boldy/

pixel