Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы атанды

Опубликовано:

Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен
Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

"ПСЖ" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ФИФА-ның 2022 жылғы үздік футболшысы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ФИФА-ның марапаттау рәсімі түнде Париж қаласында өтті.

"Жылдың үздік футболшысы" атағына Лионель Мессиден бөлек Франция құрамасы мен париждік "ПСЖ" клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе мен "Реал Мадридтің" капитаны Карим Бензема таласты.

Бапкерлер мен футболшылардың дауысының нәтижесінде аргентиналық футболшы аталған титулға қол жеткізді.

Еске сала кетейік, өткен жылы Лионель Месси Аргентина құрамасымен бірге Катарда өткен Әлем біріншілігін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011123-messi-fifa-nusqasy-boiynsa-zyldyn-uzdik-futbolsysy-atandy/

pixel