Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс" жұмысшылары Ұлытау облысы бойынша волейболдан чемпион атанды

Опубликовано:

"Волейболдан" "Қазақмыс" құрамасы
"Волейболдан" "Қазақмыс" құрамасы. Фото: "Қазақмыс"

Өткен демалыс күндері Жезқазғанда "ORTA CUP" турнирі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оған облыс бойынша 13 команда қатысқан. "Қазақмыстың" намысын Жезқазған кен-байыту фабрикасының жұмысшылары қорғады.

Біздің спортшылар спорт жарыстарына тұрақты түрде қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бұл волейбол турнирінде де олар жақсы ойын көрсетті - кен-байыту фабрикасының өкілдері бірінші және екінші орынды иеленді. Ал үшінші және төртінші орынды Жезқазған мен Сәтбаев қаласынан келген командалар өзара бөлісті.

"Қазақмыс" құрамасы
"Қазақмыс" құрамасы. Фото: "Қазақмыс"

Осылайша біздің әуесқой спортшыларымыз "Қазақмыс" кәсіпорындарында дарынды, алға ұмтылғыш, өндірісте де, спортта да үлкен жетістіктерге қол жеткізуге қауқарлы жандар жұмыс істейтінін кезекті рет дәлелдеп берді.

Біздің чемпиондарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011183-qazaqmys-zumyssylary-ulytau-oblysy-boiynsa-voleiboldan-cempion-atandy/

pixel