Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылдам, биік әрі мықты": "Қазақмыстан" шыққан спортшы триатлоннан халықаралық жарыстарда бой көрсетті

Опубликовано:

Нұрлан Байниязов
Нұрлан Байниязов. Фото: "Қазақмыс"

"Қазақмыстан" шыққан спортшы Нұрлан Байниязов триатлоннан IRONMAN 70.3 халықаралық жарыстарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

IRONMAN 70.3 жарыстар сериясы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Былтыр турнир Бахрейн корольдігінің астанасы - Манама қаласында өткен еді.

Жарысқа барлығы 942 адам қатысқан. Қазақстан намысын 35 триатлоншы қорғады. Олардың қатарында "Kazakhmys Energy" ЖШС-ның Жобаларды басқару жөніндегі тобының жетекшісі Нұрлан Байниязов бар еді.

Нұрлан Байниязов
Нұрлан Байниязов. Фото: "Қазақмыс"

Біздің спортшы 1,9 километр жерді жүзіп өту, велосипедпен 90 километр жерді жүріп өту және 21 километрден тұратын жартылай марафонда жүгіруден тұратын барлық арақашықтықты сәтті өткерді. Ол бұл арақашықтықты 4 сағат 41 минутта еңсеріп, 2023 жылы Финляндияда өтетін IRONMAN 70.3 Әлем чемпионатына қатысу лицензиясын растады.

Нұрлан Байниязов
Нұрлан Байниязов. Фото: "Қазақмыс"

Нұрлан Байниязов - тәжірибелі спортшы. Ол халықаралық деңгейдегі түрлі жарысқа бірнеше мәрте қатысқан. Мәселен, 2022 жылдың қазанында триатлоншы жыл сайын Гавайя аралдарында өтетін IRONMAN 70.3 Әлем чемпионатында арақашықтықты сәтті өткерген.

Спортшымызды шын жүректен құттықтап, оған толағай табыс пен жеңіс тілейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011199-zyldam-biik-ari-myqty-qazaqmystan-syqqan-sportsy-triatlonnan-xalyqaralyq-zarystarda-boi-korsetti/

pixel