Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық таеквондошы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Таеквондо
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Отандық таеквондошы Эльдар Бірімбай Словенияның Любляна қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Эльдар Бірімбай Slovenia Open рейтингтік турнирінде 68 келі салмақта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар байрақты бәсекеде 5 алтын, 7 күміс, 13 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

G-1 санатындағы додаға әлемнің 50 елінен 1000 жуық спортшы қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011216-qazaqstandyq-taekvondosy-xalyqaralyq-turnirde-zenimpaz-atandy/

pixel