Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы шабуылшысы өмірден өтті

Опубликовано:

Владимир Жуковский
Фото: "Кубань" футбол клубының баспасөз қызметі

"Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Владимир Анатольевич Жуковский қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ресейлік "Кубань" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуковский 1970 жылдардың соңғы мен 1980 жылдардың басында "Ақтөбе" футбол клубы сапында доп тепті. 1978 жылы шабуылшы 13 голмен КСРО Екінші лигасында команданың үздік бомбардирі атанды.

Сонымен қатар ол "Динамо", "Нефтяник", "Кубань", "Металлург", "Дружба", "Нефтяник" секілді клубтарда доп тепкен.

Айта кетейік, Владимир Жуковский көзі тірі болғанда 8 сәуір күні 70 жасқа толар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011218-aqtobe-futbol-klubynyn-buryngy-sabuylsysy-omirden-otti/

pixel