Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зенит" футбол клубының ойыншысы "Қайрат" сапына ауысты

Опубликовано:

футболшы
Дмитрий Сергеев. Фото: "Қайрат" футбол клубының ресми сайты

"Зенит" футбол клубының ойыншысы Дмитрий Сергеев "Қайрат" сапына ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі алматылық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жартылай қорғаушы мен "Қайрат" фубол клубы "2+1" схемасы бойынша келісімшартқа отырған.

Айта кетейік, Дмитрий Сергеев 2000 жылы 3 сәуірде Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген.

"Зенит" академиясының түлегі 2017 жылы клубтың жастар командасында алғашқы матчын өткізді. Ал 2018 жылдан бастап, Ресейдің екінші және үшінші дивизиондарында өнер көрсетті.

2021 жылдың екінші жартысында Сергеев "Балтика" ұжымына жалға берілді.

Ол ФНЛ-де 8 матчқа қатысып, петербургтік ұжымға қайта оралды.

2022 жылдың мамырында Дмитрий Сергеев "Зенит" сапында "Нижний Новгородқа" қарсы матчта дебют жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011221-zenit-futbol-klubynyn-oiynsysy-qairat-sapyna-auysty/

pixel