Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Дубай турнирінің алғашқы айналымында жарты сағат қана ойнады

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Дубай ATP 500 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Турнирдің алғашқы айналымында отандық теннисші әлемдік рейтингте 301-орында тұрған Болгария өкілі Александр Лазаровпен шеберлік байқасты.

Бірінші партия Александр Бублик үшін еш қиындықсыз өтті. Себебі, қазақстандық спортшы 6:1 есебін тіркеді.

Ал екінші сетте отандық теннисшінің қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің алғашқы айналымында жарты сағат қана өнер көрсетіп, келесі кезеңге шығып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011231-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-dubai-turnirinin-algasqy-ainalymynda-zarty-sagat-qana-oinady/

pixel