Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабір қазатын туыстарыма көмектестім": Төбелесімен танылған хоккейші Дамир Рысбаев қазір қайда жүр

Опубликовано:

Дамир Рысбаев мұз айдынында
Дамир Рысбаев: khl.ru

"Барыс" хоккей клубының бұрынғы ойыншысы Дамир Рысбаев "Скользкий лед" жобасына сұхбат берді. Ол матч кезінде қытайлық бес хоккейшіні ұрғаны үшін Құрлықтық хоккей лигасынан түбегейлі қуылған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда Дамир кәсіпкерлікке бет бұрған.

"Кәсіпкерлікпен айналысамын десем де болады. Хоккейді қойдым. Карантин кезінде қабылдадым бұл шешімді. Қазақстандағы әуе қатынастарын локдаунға байланысты жабатынын естіген соң, туған қалам Өскеменге кетіп қалдым. Туыстарымның арасында қайтыс болғандарды жерлеу, қабір қазумен айналысатындар бар. Соларға да көмектестім. Себебі үйде отыра бергеннен де пайда жоқ. Көп нәрсені ой елегінен өткіздім. Хоккейден кеткеніме үш жыл болыпты. БАҚ-қа да шыққым келмеді. Жай ғана тыныштықты қаладым", - дейді Дамир.

Естеріңізде болса, Дамир Рыспаев ҚХЛ-да өнер көрсететін Қытайдың "Куньлунь" командасындағы бес ойыншыны ұрып құлатқан еді. Қазіргі таңда Қытай тарапы Дамирдің өз еліне кіруіне тыйым салған.

"Біз бұл командамен маусым алдында жолдастық кездесу өткіздік. Сол кезде олар "Барыстың" үздігі Дастин Бойдты ауыр жарақаттап, біздің көшбасшы ойыншымыз шамамен алты-жеті ай айдынға шыға алған жоқ. Сол кезде Қазақстан құрамасы да әлем чемпионатының элитасына шығу үшін барын салып жатқан. Былай айтқанда, олар бізді тонап кетті. Келесі кездесу алдында бәрінің сазайын тартқызу туралы тапсырма болды. Мен соны орындадым", - дейді Рысбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2011240-qabir-qazatyn-tuystaryma-komektestim-tobelesimen-tanylgan-xokkeisi-damir-rysbaev-qazir-qaida-zur/

pixel