Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ювентус" пен "Торино" арасындағы ойында алты гол соғылды

Опубликовано:

"Ювентус" ойыншылары
"Ювентус" ойыншылары "Ториноға" қарсы мачта. Фото: Twitter/JuventusFC

Түнде Италия чемпионатының 24-турында "Ювентус" пен "Торино" өзара бақ сынасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Туриндік дерби 4:2 есебімен "Ювентус" клубының пайдасына аяқталды. Алаң иелері сапынан Куадрадо, Данило, Бремер, Рабьо мергендігімен көзге түссе, "Торинодан" Карамо мен Санабрия гол соқты.

Бұл жеңістен соң Массимилиано Аллегридің шәкірттері турнирлік кестеде 35 ұпаймен жетінші орында келеді. Көш басында "Наполи" клубы орналасқан.

Еске сала кетейік, "Ториноға" қарсы ойында "Ювентус" клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба 69-минутта жасыл алаңға шықты.

Соңғы рет футболшы 2022 жылдың сәуір айында "Манчестер Юнайтед" құрамында өнер көрсеткен еді. Содан кейін футболшы жарақат алып, қатарға енді қосылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011279-pogba-alanga-syqqan-yuventus-pen-torino-arasyndagy-oiynda-alty-gol-sogyldy/

pixel