Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду Сауд Арабиясындағы алғашқы жетістігіне қол жеткізді

Опубликовано:

Роналду
Роналду. Фото: Twitter/AlNassr FC

Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы біріншілігінің ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі лиганың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Криштиану Роналду қыстың екінші айында "Әл-Наср" сапында төрт матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Осылайша, футболшы Сауд Арабиясының ақпан айындағы "үздік ойыншысы" атанып отыр.

Қазіргі уақытта португалиялық сұрмерген өнер көрсететін клуб 43 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" клубы қаңтар айының басында 2025 жылдың маусым айына дейін келісім-шартқа отырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011285-kristianu-ronaldu-saud-arabiyasyndagy-algasqy-zetistigine-qol-zetkizdi/

pixel