Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде Алғыс айту күні қарсаңында 30-ға жуық іс-шара өтті

Опубликовано:

Семейде Алғыс айту күні қарсаңында 30-ға жуық іс-шара өтті
Фото: Семей қаласының әкімдігі

Елімізде дәстүрлі түрде көктемнің бірінші күнінде аталып өтетін Алғыс айту күнін мерекелеу Семейде 25 ақпанда басталды.

Семейде Алғыс айту күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған "Жүректен жүрекке", "Қайырымдылық керуені" еріктілер акциялары (жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесу), "Еңбекші жастар-2023" фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар (жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру), "Алғыс" инста-челленджі (қаламыздың оқу орындары қолдады) сында 30-ға жуық іс-шара өткізілді.

"Арамыздағы қаһармандар" алғыс челленджінің аясында қала тұрғындары денсаулық сақтау, төтенше жағдай және құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ мерекеге орай қолданбалы өнер көрмесі мен "Бір шаңырақ астында" атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Семейде Алғыс айту күні қарсаңында 30-ға жуық іс-шара өтті
Фото: Семей қаласының әкімдігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың жалпы саны шамамен 10 000-ға жуық адамды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011358-semeide-algys-aitu-kuni-qarsanynda-30-ga-zuyq-is-sara-otti/

pixel