Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі балалар үйінің тәрбиеленушілері республикалық турнирге қатысты

Опубликовано:

Чемпионат РК по баскетболу среди юношей
Фото: Parimatch

21-24 ақпан аралығында Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында баскетболдан ҚР Чемпионаты болып өтті. Турнирде Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен №4 балалар үйіндегі жасөспірімдерден құралған командалар өнер көрсетті.

Баскетболдан Республикалық турнирге Қазақстанның барлық өңірінен жиналған командалар, сондай-ақ Шымкенттегі ең ірі балалар үйлерінің бірінен 12 ойыншы жиналды. Жас спортшылар жарысқа Parimatch Foundation қайырымдылық қорының "Спорт тәлімгері" атты демеушілік бағдарламасы аясында қатысты.

Чемпионат РК по баскетболу среди юношей
Фото: Parimatch

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Parimatch Foundation №4 балалар үйінде спорт секцияларын ашуға көмектесіп, балаларды спорттық киімдермен, қажетті құрал-жабдықтармен және кәсіби жаттықтырушылардың тәлімгерлігімен толық қамтамасыз етті. Содан бері балалар бірнеше рет түрлі жарысқа қатысқан. Баскетболдан бас бапкердің пікірінше, олар осы саладағы қабілетін тез дамытып келеді.

"Бұл чемпионатта жігіттер алдыңғы ойындарға қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетіп, өздеріне сенімді болып көрінді. Олар спорт мектептері мен кәсіби клубтардың оқушыларымен тең дәрежеде дерлік ойын көрсетуде.

Нәтижесінде біздің үш командамыз да жартылай финалға өтті. Мен олардың әрқайсысын мақтан тұтамын. Олар өте жауапты, еңбекқор және қандай да қиындықтарға қарамастан жеңіске ұмтылуды жалғастыруда. Біз Parimatch Foundation-ге осындай іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұруға және дайындықтарымызды іс жүзінде көрсете алуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды айтамыз. Біз ерте ме, кеш пе чемпион атағын алатынымызға сенімдімін", — деп ойын бөлісті баскетболдан бас жаттықтырушы Данил Серединский.

Чемпионат РК по баскетболу среди юношей
Фото: Parimatch

№ 4 балалар үйінің командалары U-21 санатында 4-ші, сондай-ақ U-18 және U-16 санаттарында 5-ші орындарға ие болды. Parimatch Foundation жас спортшыларды жаңа жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды.

"Біз балалардың спортпен шұғылданудан ләззат алып, жаттығуды жалғастырып жатқанын көргенде қатты риза боламыз. №4 балалар үйінде баскетбол секциясы ашылғанына екінші жыл ғана болғанына қарамастан, бұл жолы олар жартылай финалға жетті. Біз үшін бұл әр баланың жаттығуларға, сапалы жабдықтарға және тәжірибелі тәлімгерлерге еркін қол жеткізе отырып, спортта өз мүмкіндігін аша алатынның айқын көрсеткіші. Балалардың болашағы жарқын деп сенеміз, спорт олардың бойына тек жақсы қасиеттері сіңіретін сөзсіз", — деді Қазақстандағы Parimatch Foundation жобаларының маманы Инга Қайыржан.

Parimatch Foundation - 2019 жылы құрылған халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың мақсаты - балаларға спортпен шұғылдануға және өмірдегі өз орнын табуға тең мүмкіндіктер мен қол жетімділік беру арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011467-symkenttegi-balalar-uiinin-tarbielenusileri-respublikalyq-turnirge-qatysty/

pixel