Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкенттегі Grand Slam: Қазақ балуаны өзбекстандық әлем чемпионына қарсы қауқар көрсете ме

Опубликовано:

Айдар Арапов татамиде
Айдар Арапов. Фото: ijf.org

Ертең Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі басталады. Аталған сынға Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. KAZ.NUR.KZ жеребе тарту рәсімінің қорытындысын назарларыңызға ұсынады.

60 келідегі Мерей Марханбетов өзбекстандық Бекмуродовпен кездеседі. Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев Сауд Арабиясының балуанымен белдеседі.

66 келідегі Ғұсман Қырғызбаевтың алғашқы қарсыласы - испандық Турне Гарсия. Осы салмақтағы Есет Қуанов италиялық Маттео Пираспен өзара мықтыны анықтайды.

73 келідегі Данияр Шамшаев қырғызстандық Сағыналиевпен, Дархан Қойбағар мексикалық Кардосомен кездеседі.

81 келідегі Абылайхан Жұбаназардың қарсыласы - грекиялық Атанасиос Мелонелиес.

90 келідегі Айдар Арапов әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Давлат Бобоновпен белдеседі. Осы салмақтағы Мұхамедали Мавлитов испандық Тристани Мосахлишвилиге қарсы шығады.

100 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Бекарыс Сәдуақас германиялық Курбджевейтке, Шархан Нұрлыхан кубалық Кардонаға қарсылас атанбақ.

Аса ауыр салмақтағы Әділ Оразбаев жапондық Саитомен, Ғалымжан Қырықбай бразилиялық Сезариномен белдеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2011499-taskenttegi-grand-slam-qazaq-baluany-ozbekstandyq-alem-cempionyna-qarsy-qauqar-korsete-me/

pixel