Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі орны белгілі болды

Опубликовано:

бокс
Көрнекі фото: pexels.com

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандық боксшы Иван Дычко 15-орында тұр. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик. 

Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтен шығып қалды, Серік Мұсәділов 15-орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.

Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин. Уақытша чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев 12 және 13-орындарды сақтап қалды. Бұл салмақта "Супер чемпион" жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта бір саты төмендеп, алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпионы - өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2011513-qazaqstandyq-bokssylardyn-wba-reitingindegi-orny-belgili-boldy/

pixel