Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанның атақты боксшысы Джалоловты төрт рет жеңген қазақстандық кім

Опубликовано:

боксшы
Джалолов шаршы алаңда. Фото: sports.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Өзбекстанның атақты боксшысы, Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов өзін бірнеше рет жеңген қазақстандық боксшыны еске түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Иван Дычконы, Кособуцкий білемін. Шынымды айтсам, Жан Кособуцкийдің жекпе-жегін әлі көрген жоқпын, оның қалай жұдырықтасатынын білмеймін. Тек Дычконы жақсы білемін. Одан үш рет ұтылдым", - деп есіне алды өзбекстандық боксшы.

BoxRec сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко Баходир Джалоловты төрт мәрте ұтқан. Сонымен қатар Өзбекстанның атақты боксшысынан Қамшыбек Қоңқабаев үш рет айласын асырып, төрт рет есе жіберген.

Айта кетейік, Иван Дычко - Бакуда өткен Әлем біріншілігінің, Лондон және Рио Олимпиадасының жүлдегері. Ол 2017 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2011536-ozbekstannyn-ataqty-bokssysy-dzalolovty-tort-ret-zengen-qazaqstandyq-kim/

pixel