Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" өз алаңында "Барселонадан" жеңіліп қалды

Опубликовано:

"Реал мадрид"
"Реал мадрид" жанкүйері. Фото: pexels.com

Түнде футболдан Испания кубогының жартылай финалы өтті. Алғашқы матчта "Реал Мадрид" "Барселонаға" есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен ойын "Барселонаның" пайдасына аяқталды. Есеп 0:1. Матчтағы жалғыз голды карольдік ұжымның қорғаушысы Эдер Милитао 26-минутта өз қақпасына соғып алды.

Осылайша, "Реал Мадрид" Испания кубогының алғашқы ойынында негізгі қарсыласына есе жіберіп отыр.

Жауапты матч 5 сәуір күні Барселона қаласындағы "Камп Ноу" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011594-real-madrid-oz-alanynda-barselonadan-zenilip-qaldy/

pixel