Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбасты (видео)

Опубликовано:

UFC
Рахмонов пен Нил. Видеодан кадр: Twitter/UFC

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов жекпе-жегінің алдында Джефф Нилмен көз арбасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қос спортшының көз арбасқан сәтін UFC лигасы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан баспасөз конференциясында Рахмонов пен Нилдің "дәстүрлі шараға" қатысқанын байқауға болады.

Еске сала кетейік, 5-наурыз күні Америка құрама штаттарының Лас-Вегас қаласында UFC 285 турнирі өтеді. Жарыстың негізгі айқасында Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил октагонға көтерілмек.

Аралас жекпе-жек шеберлері арасындағы кездесу Астана уақыты бойынша шамамен 09:40-та басталады деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2011620-savkat-raxmonov-zekpe-zek-aldynda-qarsylasymen-koz-arbasty-video/

pixel