Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ливерпуль" - "Манчестер Юнайтед": әлемдік футболдағы басты шайқастардың бірі

Опубликовано:

Айдын Кожахмет
Айдын Кожахмет. Фото: Parimatch

"Ливерпуль" - "Манчестер Юнайтед" клубтарының кездесуі әрқашан бүкіл әлем назарын аударады. Осы орайда, Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет екі команда арасында алда болтын матчқа қатысты болжамын бөлісті.

"Ливерпуль"

Юрген Клопптың командасы аңсаған бірінші төрттікке жақындай түсуде. Соңғы төрт турда мерсисайдтар жерлестері "Эвертонды", жан тыныштығын ұрлаған "Ньюкаслды", ал соңғы турда "Вулверхэмптонды" жеңіп, 10 ұпай жинады. Бірақ психологиялық тұрғыдан алғанда, "Ливерпуль" бұрынғы батыл рухымен мақтана алмайды, өйткені "Реалдан" 2:5 есебімен жеңілгені әлі де есінде. Дегенмен, "Манчестер Юнайтедпен" өтетін матчта жеңіске жетсе, Клопптың жігіттерінің мадридтік алыптармен Чемпиондар лигасындағы кездесу алдында өздеріне деген сенімділігі артар еді.

"Манчестер Юнайтед"

Эрик Тен Хагтың ақпан айында өткен ойындарға көңілі толуы тиіс. Өйткені, өткен айда "қызыл сайтандар" Англия лигасының кубогын қанжығасына байлады, "Барселонаны" жеңіп, Еуропа лигасына өтті, ал чемпионатта орта деңгейдегі командалар және аутсайдерлермен кездесулерде ұпайларын жоғалтқан жоқ. Рашфорд қазір мықты дайындықта, ал Гарначоның жанкүйерлерінің саны күннен күнге артуда. Бір сөзбен айтқанда, "Манчестер Юнайтедтің" жағдайы жаман емес.

Жеке кездесулер тарихы

Аталған қарсыластар арасындағы соңғы 2 матч "Манчестер Юнайтедтің" пайдасына шешілген еді. Бірақ ол "Олд Траффордта" болғанын ескеру керек. "Энфилдтегі" соңғы үш матчта алаң иелері екі рет жеңіске жетіп, тек бір рет кездесуді тең нәтижемен аяқтады. Бұлардың өзара шайқасында гол санының аз болуы сирек кездесетін құбылыс.

Матчқа болжам

Иә, екі команда да гол соғады. Бұл нәтиже үшін Parimatch-тегі достарым 1.52 коэффициентін ұсынады. Менің ойымша, тең ойын болатын сияқты. Мұндай ұтыс тігулердің коэффициенттері әрқашан жоғары болады, аталған жағдайда – 3.65. Қалай болғанда да, мен осы нәтижеге тәуекел етуге ниеттімін.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне төмендегідей болжам жасайды:

"Ливерпуль" - 2.41, тең ойын – 3.75," Манчестер Юнайтед " - 2.85

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2011680-liverpul-mancester-yunaited-alemdik-futboldagy-basty-saiqastardyn-biri/

pixel