Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Опубликовано:

файтер
Фото: Instagram/kuat_khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы отандық спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ресми! Қуат Хамитов пен Акоп Степанян арасындағы кездесу", - деді ол.

"Найман" лақап атымен танылған қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің қарсыласы 27 кездесуде жеңіске жетіп, он екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қуат Хамитов Атыраудағы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде өнер көрсетті. Жарысттың басты айқасында қазақстандық спортшы ресейлік қарсыласы Василий Бабинцевті бірінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2011706-quat-xamitov-kelesi-zekpe-zegi-turaly-resmi-malimdeme-zasady/

pixel