Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы қазақ баласы тәжірибелі кәріс балуанынан ұтылып, күміс иеленді

Опубликовано:

Нұрқанат Серікбаев татамиде
Нұрқанат Серікбаев. Фото: ijf.org

Қазақстандық жас дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Бұл спортшының ересектер арасындағы жарыста алған алғашқы жүлдесі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат финалда Оңтүстік Кореялық Ким Вон Джуннан жеңіліп қалды. 34 жастағы спортшының күші де, тәжірибесі де Нұрқанаттан басым болды.

Осылайша, қазақстандық балуан өзінің мансабындағы алғашқы ірі жарысында жүлдеге қол жеткізіп отыр.

Турнир барысында Нұрқанат Грузиядан келген әлем чемпионын да ұтып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2011707-20-zastagy-qazaq-balasy-taziribeli-karis-baluanynan-utylyp-kumis-ielendi/

pixel