Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасының алдында қандай сынақтан өткенін айтты

Опубликовано:

Бақыт Сәрсекбаев
Бақыт Сәрсекбаев. Фото: instagram/b.sarsekbayev

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасының алдында қолын жарақаттап алғанын айтты. Бұл туралы спортшы өзінің ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасының алдында қолын жарақаттап алғанын айтты.

"Сонау 2008 жылы, тура Олимпиада қарсаңында мен сол қолымды қатты зақымдап алдым. Солақай боксшы үшін бұл қаншалықты қиын екенін түсінетін шығарсыздар. Жарақатымды бәрінен жасыруға тура келді, әйтпесе, мені Олимпиададан шеттететін еді. Әкем мені Алексеевкадағы базаға, танымал дәрігер, спорттық жарақаттарды емдейтін Жеңіс ағаға алып келді. Марқұм Жеңіс аға күн сайын қолымды емдеп, қалпына келтірді. Сол үшін оған көп рахмет, жаны жәннатта болсын!

Бірақ қолымды қысқа мерзім ішінде толығымен қалыпқа келтіру мүмкін болмады. Осылайша, мен Олимпиадада жарақатыммен сынға түстім. Көпшілік мені 2004 жылғы Олимпиада қарсаңында Өзбекстан бокс басшыларының шеттеткенін біледі. Сол кезде мен Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының чемпионы, тіпті, нөмірі бірінші боксшы болдым. Сол себепті мен Олимпиададан сырт қала алмадым. Жеңіске деген үлкен жігерім мен үшін "допинг" болды.

Негізі, үлкен спортта денсаулық жайлы айтудың қажеті жоқ. Егер деніңіз сау болсын десеңіз, фитнеске барыңыз. Ал үлкен спорт адам мүмкіндіктерін тексеретін ауыр сынақ. Үлкен спорт нағыз мықтыларға арналған. Әрине, жарақатпен жарысқа барудың қажеті жоқ. Егер барсаң, бәрін ұмытып, жүз пайызға күшіңді сал. Спорт әлсіздерді ұнатпайды", - деп жазды Сәрсекбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011711-birinsi-nomir-bolsam-da-almady-qazaqtan-syqqan-olimpiada-cempiony-ozin-ozbekstannyn-settetkenin-aitty/

pixel