Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анна Данилина Астанадағы турнирдің финалына шықты

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 40 Women's турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандық теннисші белоруссиялық Ирина Шимановичпен бірге жартылай финалда Нидерланд өкілдері Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында 4:6, 6:1, 10:5 есебімен қазақстандық-белоруссиялық жұп жеңіске жетті.

Енді Анна мен Ирина финалда турнирдің екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанмен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011721-anna-danilina-astanadagy-turnirdin-finalyna-syqty/

pixel