Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанып тұр": UFC президенті Шавкат Рахмонов туралы не ойлайтынын ашып айтты

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images

UFC (Ultimate Fighting Championship) президенті Дэйна Уайт әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Джефф Нилдің жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, Рахмонов Нилді жеңген жағдайда жартылай орта салмақтағы чемпиондық атаққа үміткердің бірі болады.

"Джефф Нил Шавкат Рахмоновқа қарсы. Бұл жетінші сатыда тұрған спортшының тоғызыншы орындағы спортшымен жекпе-жегі. Нил өзінің соңғы жекпе-жегінде жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, мықты деп бағаланған Висенте Люктен айласын асырды. Бұған дейін ол Сантьяго Понциниббионы ұтқан болатын. Нил екі қолымен де жойқын соққы жасай алады.

Шавкат - дивизиондағы "жанып тұрған" жігіттердің бірі. Жеңілістің ащы дәмін татпаған. Ол жан-жақты және өзінің кемшіліктерін көрсетпеген жауынгер. Ол Чимаевтан басқа үздік ондықтағы спортшылардың бас ауыртатын мәселесіне айналуда. Чимаевтан басқа. Егер ол алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе, титулға үміткер аралас жекпе-жек шеберлерінің арасына қосылады", - деді Дэйна Уайт.

Еске сала кетейік, 5-наурыз күні Америка құрама штаттарының Лас-Вегас қаласында UFC 285 турнирі өтеді. Жарыстың негізгі айқасында Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил октагонға көтерілмек.

Аралас жекпе-жек шеберлері арасындағы кездесу Астана уақыты бойынша шамамен 09:40-та басталады деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2011722-zanyp-tur-ufc-prezidenti-savkat-raxmonov-turaly-ne-oilaitynyn-asyp-aitty/

pixel