Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы күтпеген жерден ұтылып қалды (видео)

Опубликовано:

Елнұр Әбдрайымов жекпе-жекте жеңіске жеткен сәт
Елнұр Әбдрайымов. Фото: instagram/elnur.abduraimov

Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы Елнұр Әбдірайымов кәсіби бокста алғаш рет ұтылып қалды. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ хабарлайды.

Астана уақытымен бүгін түске дейін өткен жекпе-жекте Әбдірайымов мексикалық Анхель Даниэль Гарсиямен кездескен болатын.

Жекпе-жектің жетінші раундына дейін қарсыласқан Елнұр сегізінші раундта шаршы алаңға шықпай, кездесуден бас тартты. Осылайша, ол алғаш рет кәсіби бокста жеңіліс тауып отыр.

Айта кетелік, Елнұр Әбдірайымов әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол Өзбекстанда туылған этникалық қазақ саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2011920-ozbekstan-namysyn-qorgaityn-qazaq-bokssysy-kutpegen-zerden-utylyp-qaldy-video/

pixel