Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық төрт боксшы The Ring рейтингіне енді

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/gggboxing

The Ring журналы барлық дивизиондағы үздік боксшылар рейтингін жариялады. Үздіктердің арасында төрт отандық былғары қолғап шебері бар, деп жазады Prosports.kz.

Орта салмақ тізімінде Қазақстанның үш боксшысы бар. Олар: Геннадий Головкин, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов.

WBA Super чемпионы GGG бірінші орынға жайғасқан.

WBO титулының иегері Жәнібек Әлімханұлы үшінші сатыда. Үздік ондықтың Мейірім Нұрсұлтанов қорытындылап тұр.

Екінші орта салмақ рейтингіне Али Ахмедов енді. Ол оныншы орында. Бұл салмақта бірінші орында абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2011943-qazaqstandyq-tort-bokssy-the-ring-reitingine-endi/

pixel