Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он келі салмақ қуған боксшы Надежда Рябец әлем чемпионатына қатысатын болды

Опубликовано:

Надежда Рябецтің жеңіске жеткен сәті
Надежда Рябец. Фото: olympic.kz

Үндістанда өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұрымды боксшылар 12 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Олардың қатарында әлем чемпионы Назым Қызайбай, әлем біріншілігінің жүлдегерлері Жайна Шекербекова, Алуа Балқыбекова, Ләззат Күнгейбаевалар бар.

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар:

48 келі: Алуа Балқыбекова,

50 келі: Назым Қызайбай,

52 келі: Жазира Орақбаева,

54 келі: Жайна Шекербекова,

57 келі: Карина Ибрагимова,

60 келі: Римма Волосенко,

63 келі: Аида Әбікеева,

66 келі: Надежда Рябец,

70 келі: Мәдина Нұршаева,

75 келі: Валентина Хальзова,

81 келі: Фариза Шолтай,

+ 81 келі: Ләззат Күнгейбаева.

Бір қызығы, бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, жасөспірімдер және ересектер арасындағы Олимпиадаға қатысқан Надежда Рябец 66 келіге ауысып кетті.

Әлем біріншілігі 14-26 наурыз күндері Үндістан елінің астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2011971-on-keli-salmaq-qugan-bokssy-nadezda-ryabec-alem-cempionatyna-qatysatyn-boldy/

pixel