Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лионель Месси әлемге әйгілі мультхикаяның кейіпкері болады

Опубликовано:

Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен
Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Аргентина құрамасы мен "ПСЖ" клубының шабуылшысы Лионель Месси анимациялық хикаяның кейіпкері болады, деп хабарлайды Deadline.

Мультхикая балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған. Оны Sony Music Entertainment компаниясы жасайды деп жоспарлануда.

"Мен бала кезімде мультхикаяны жақсы көретінмін. Балаларым да анимациялық кейіпкерлердің жанкүйері. Анимациялық жобаға қатысу мені бақытты етеді және арманымның орындалуына мұрындық болады. Мен Sony Music компаниясына жобаға қосқаны үшін алғыс айтқым келеді", - деді Лионель Месси.

Айта кетейік, анимациялық туындың қай уақытта жарыққа шығатыны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012016-lionel-messi-alemge-aigili-multxikayanyn-keiipkeri-bolady/

pixel