Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неймар жарақатына байланысты ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды

Опубликовано:

Неймар мен Мбаппе
Неймар мен Мбаппе. Фото: Twitter/Paris Saint-Germain

Бразилия құрамасы мен "ПСЖ" клубының шабуылшысы Неймар жарақатына байланысты бірнеше айға қатардан шығып қалды. Бұл ақпаратты париждік клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Неймарға жақын арада Катардың астанасы Доха қаласында ота жасалады.

Бұдан кейін шабуылшы 3-4 айда қалпына келеді деп күтіліп отыр.

"Соңғы жылдары Неймардың оң жақ тобығында бірнеше проблема болды. Ойыншының 20 ақпанда жарақат алғаны белгілі. Бұдан кейін клубтың медициналық штабы жарақаттың қайталану қаупін болдырмау мақсатында ота жасауды ұсынды. Сарапшылар бұл шешімнің қажеттілігін растайды", - делінген хабарламада.

Осылайша, бразилиялық шабуылшы ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды.

Еске сала кетейік, Неймар "ПСЖ" сапында осы маусымда 20 ойынға қатысып, 13 гол ұрды және 11 нәтижелі пастың авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012022-neimar-zaraqatyna-bailanysty-uzaq-merzimge-qatardan-sygyp-qaldy/

pixel