Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Чемпиондар лигасының қандай матчтары өтеді

Опубликовано:

"Челси" клубы
"Челси" клубының жанкүйері. Фото: pexels.com

Бүгін, 7 наурызда футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін екі кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. "Челси" өз алаңында дортмундтық "Боруссия" клубын қабылдайды.

Ал лиссабондық "Бенфика" "Эштадиу да Луж" стадионында "Брюгге" клубымен кездеседі.

Қазақстандықтар аталған ойындарды Qazsport және Qazaqstan арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Матч 01.50-де басталады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 16 команда шықты. Олар: "Бенфика" (Португалия), "Порту" (Португалия), "Наполи" (Италия), "Бавария" (Германия), "Челси (Англия), "Манчестер Сити" (Англия), "Тоттенхэм" (Англия), "Реал Мадрид" (Испания), "Ливерпуль" (Англия), "ПСЖ" (Франция), "Милан" (Италия), "Интер" (Италия), "Боруссия" Дортмунд (Германия), "Айнтрахт" Франкфурт (Германия), "РБ Лейпциг" (Германия), "Брюгге" (Бельгия).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012025-bugin-cempiondar-ligasynyn-qandai-matctary-otedi/

pixel