Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Sports & Media deTalks: Киберспорттың Қазақстандағы дамуы

Опубликовано:

Media de Talks Parimatch
Фото: Parimatch

Atameken Business Practicum және Parimatch Kazakhstan компаниясының өткен жылдың қараша айында бастау алған «Sports & Media deTalks» жобасы өз жалғасын табуда. Бұл жолы оқу практикумының тақырыбы ретінде киберспорт таңдалды. Журналистер және студенттер сарапшылармен бірге Қазақстандағы киберспорттың дамуын талқылап, жалпы оның өзіндік ерекшеліктерін жақсырақ түсіну үшін тамаша мүмкіндік алды. Аталған шараның маңызды сәттері туралы толығырақ оқыңыз.

6 наурызда Алматыдағы ең креативті алаңдардың бірі – Smart Point-те Sports & Media deTalks атты үшінші медиа-практикум өтті. Былтырғы екі іс-шарадағыдай мұнда да көптеген таныс тұлғалармен жүздесу мүмкіндігі туды - әртүрлі басылымдардың журналистері қазақстандық БАҚ-та әзірге аз қамтылған, алайда қызықты тақырыпты - киберспортты талқылауға бас қосты. Atameken Business медиахолдингінің даму жөніндегі директоры Руслан Исмаилов осы бағыттағы алғашқы қадамдарын бөлісті:

«Біз киберспортты медиа кеңістігінде дамыту идеясын алғашқылардың бірі болып қолдадық. Бұл біз үшін 2020 жылы бастау алған жаңа әрі қызықты тәжірибе болды. Ол кезде біз The International турнирінен хабар таратуға ниет білдірген едік. Студиямызға 3 күн бойы белгілі спортшылар мен комментаторлар келіп, тікелей эфирде осы халықаралық шараның финалын талқылады. Нәтижесінде біз аудиториядан ғана емес, сарапшылардан да тамаша пікірлер алдық, осы арқылы бұл бағыттың болашағы зор екеніне көз жеткіздік».

Киберспорттың ірі оқиғалары көпшілікке кең таралып жатқанымен, киберспорт контентінің жоқтығы әлі күнге дейін қазақстандық БАҚ-тың айқын шындығы болып табылады. Тақырыптық порталдар туралы айтуға әлі ерте, тек кейбір басылымдарда аздап қана кездесуі мүмкін. Мұның бәрі қазақстандық киберспорт қауымдастығы үшін үлкен проблема екені сөзсіз. Оқырмандар жаңалықтарды, репортаждарды оқып, өз пікірлерін орыс тілді сегментте ғана бөлісуге мәжбүр, себебі орыс тілді басылымдарда бұл тақырыптар жиірек қозғалады.

Parimatch компаниясының киберспорт жөніндегі менеджері Сергей Минич жағдайды былай сипаттап берді:

«Себептері анық, әрине. Тәуекелге барып, бірнеше жылға БАҚ-қа қомақты қаржы құйып отыру – көңіл көншіте бермейтіні түсінікті. Дегенмен, ерте ме, кеш пе, мұны біреу қолға алып дамытады, ал қазақ тіліне деген қызығушылық бұл тақырыптың әрмен қарай өсуіне себеп болуы да мүмкін. Болашақта мұндай трансформация қазақ тілді инфлюенсерлердің контентіне де әсер етеді және Twitch-ке кіру арқылы ірі турнирлер турлары хабарларды қазақ тілінде табу әрқашан оңай болады деп үміттенемін. Дегенмен, асығудың қажеті жоқ. Әзірге сіз телеграм-пабликтерден бастай аласыз, қызығушылықты арттыра аласыз, тілмен тәжірибе жасай аласыз және аудиторияны үлкен порталдардағы тақырыптық бөлімге оңай ауыстыра аласыз. Болашақта оның неге ұласатынын кім білсін».

Media de Talks Parimatch
Фото: Parimatch

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сарапшылар елдегі киберспорт сахнасының әлеуеті зор екеніне келіседі. Соңғы бірнеше жылда қазақстандықтар Dota 2, CS:GO және PUBG Mobile сияқты танымал санаттардағы әлем чемпионаттарында белсенді түрде таныла бастады. Қоғамда бірте-бірте пікір өзгеріп келеді: егер бұрын бейне ойындар хобби ретінде қабылданса, қазір бұл нағыз спорт және өсіп-өркендеуге болатын мансап бағыты. Жетістіктің жарқын мысалы ретінде қазақстандық Titan Gaming киберспорт командасын атауға болады. Команда капитаны Дамир AXZCER Омаровтың айтуынша:

«Бізді жеңіске әкелген жылдам жол қазақстандық киберспорттың өсуіне ешқандай кедергілер жоқ екендігінің айқын көрінісі. Titan Gaming жағдайында командалық жұмыс табыстың кілті болып табылады. Осы ұстанымды қазақстандық БАҚ пен біздің киберспорт қауымдастығының бірлескен жұмысына негіз етіп алсақ, біздің команданың «чемпиондық» нәтижесін қайталауға әбден болады деп ойлаймын. Ең бастысы, сырттан Parimatch сияқты серіктестерден қолдау бар».

Sports & Media deTalks жобасының негізін салушылар проблемалар туралы айту маңызды әрі қажет екеніне сенімді. Бұл платформа Қазақстандағы спорт журналистикасының айналасындағы проблемаларды көрсетіп жатқандығы бірінші рет емес. Мұнымен тек журналистер ғана емес, сонымен қатар бұл жобаны белсенді қолдайтын бүкіл федерациялардың өкілдері, спортшылар мен блогерлер де келіседі. Бүгін осы шараға ат салысқан пікірлес сарапшылар:

  • Евгений Богатырев – Pinger.Pro қазақстандық платформасының тең құрылтайшысы, Qazaq Cybersport федерациясының вице-президенті;
  • Арман Пірманов – киберспортшы, стример, автоблогер;
  • Дамир AXZCER Омаров - Titan Gaming киберспорт командасының капитаны;
  • Сергей Минич – Parimatch компаниясының киберспорт жөніндегі менеджері.
Media de Talks Parimatch
Фото: Parimatch

Сонымен қатар жиында сарапшылар киберспорттың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде стримингті, халықаралық чемпионаттарға қатысуды, спорттық құрамды, сондай-ақ бағыттың басты демеушісі ретінде беттингті қарастыруды сөз етті.

Еске сала кетсек, «Sports & Media deTalks» жобасының негізгі мақсаттары – Қазақстанның спорттық журналистикасының рөлін күшейту, білім алмасу және спорт тақырыбын күнделікті медиа саласымен қатар алып жүретін сарапшылардың кәсіби қауымдастығын құру болып табылады.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012040-sports-media-detalks-kibersporttyn-qazaqstandagy-damuy/

pixel