Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінген аймақтарға бір ұшақ қажетті заттар жөнелтті

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Роналду жер сілкінісінен ауыр зардап шеккен халыққа бір ұшақ толы қажетті заттар жіберген.

Атап айтар болсақ, ол арнайы палаткалар, тамақ, жастық пен жамылғы көрпе, кереуеттер, балалар тамағы, сүт және дәрі-дәрмек жөнелткен.

Гуманитарлық көмек Түркия мен Сириядағы зілзала болған аймақтарға жіберілді.

Айта кетелік, өткен жұмада Роналду жер сілкінісінен аман қалған сириялық балақаймен кездесті. Футболшының жас жанкүйері Роналдумен кездесдуі армандаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012064-ronaldu-turkiya-men-siriyadagy-zer-silkingen-aimaqtarga-bir-usaq-qazetti-zattar-zoneltti/

pixel