Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубы құрамында өзгеріс болғанын ресми түрде хабарлады

Опубликовано:

"Қайрат" футболшылары
Фото: "Қайрат" футбол клубының ресми сайты

"Қайрат" футбол клубы ресми түрде құрамда өзгеріс болғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі алматылық команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 18 жастағы жартылай қорғаушы Мирас Көбеев пен қапталдағы қорғаушы Александр Мрынскийді негізгі құрамға ауысқан.

Келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

"Мирас Көбеев 2018 жылдан бері клубтың жүйесінде. Өткен маусымда "Қайрат-Жастар" клубының вице-капитаны болып, Бірінші лига аясында 19 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Александр Мрынский 2019 жылдан бері "Қайрат" футбол клубының құрамында. Өткен жылы "Қайрат-Жастар" сапында 20 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012084-qairat-futbol-kluby-quramda-ozgeris-bolganyn-resmi-turde-xabarlady/

pixel