Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Мексикада өтіп жатқан турнирде сенсация жасады

Опубликовано:

Денис Евсеев
Денис Евсеев кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Мексикада өтіп жатқан Пуэрто-Вальярта челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандық спортшы алғашқы айналымда жарыстың екінші ракеткасы, франциялық Энцо Кокомен шеберлік өткізді.

Бірінші партияда франциялық спортшы 6:2 есебімен басым түсті. Есесіне екінші сетте Евсеев тай-брейкте таразы басын өзіне аударды – 7:6 (7:5).

Шешіші сетте отандық спортшының жолы болып, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 225-ракеткасы аргентиналық Марко Трунгельити немесе 269-сатыдағы тунистік Азиз Дугаздың біреуімен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012093-qazaqstandyq-sportsy-meksikada-otip-zatqan-turnirde-sensaciya-zasady/

pixel