Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024 турниріне іріктеу: Футболдан Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Опубликовано:

футболшылар
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Словения және Дания құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерацисы.

Жалпы тізімге 32 футболшы енді.

Қақпашылар:

  • Игорь Шацкий ("Шахтер"),
  • Бекхан Шайзада ("Ордабасы"),
  • Данил Устименко ("Қайрат"),
  • Стас Покатилов ("Ақтөбе");

Қорғаушылар:

  • Сергей Малый ("Ордабасы"),
  • Темірлан Ерланов ("Ордабасы"),
  • Ғафуржан Сүйімбаев ("Ордабасы"),
  • Александр Марочкин ("Тобыл"),
  • Бағдат Қайыров ("Тобыл"),
  • Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей),
  • Абзал Бейсебеков ("Астана"),
  • Михаил Габышев ("Астана"),
  • Тимур Досмағамбетов ("Астана"),
  • Талғат Кусяпов ("Каспий"),
  • Марат Быстров ("Ахмат", Ресей),
  • Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия),
  • Лев Скворцов ("Химки", Ресей);

Жартылай қорғаушылар:

  • Асхат Тағыберген ("Ордабасы"),
  • Бауыржан Исламхан ("Ордабасы"),
  • Эльхан Астанов ("Ордабасы"),
  • Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей),
  • Рамазан Оразов ("Ақсу"),
  • Исламбек Қуат ("Астана"),
  • Аслан Дарабаев ("Астана"),
  • Максим Самородов ("Ақтөбе"),
  • Арман Кеңесов ("Ақтөбе"),
  • Ислам Чесноков ("Тобыл");

Шабуылшылар:

  • Абат Айымбетов ("Астана"),
  • Владислав Прокопенко ("Астана"),
  • Артур Шушеначев ("Қайрат"),
  • Абылайхан Жұмабек ("Ақтөбе"),
  • Айбар Жақсылықов ("Ордабасы");

Жаттықтырушылар штабы:

  • Магомед Адиев – бас бапкер,
  • Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі,
  • Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі,
  • Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы,
  • Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы,
  • Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 16 наурызда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді.

23 наурыз күні Магомед Адиевтің шәкірттері Словенияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Үш күннен кейін ұлттық құрама Даниямен кездеседі.

Оның басталуы 19:00-ге жоспарланған.

Екі матч та "Астана Арена" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012102-euro-2024-turnirine-irikteu-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-quramy-zariyalandy/

pixel