Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas

Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандық спортшының қарсыласы АҚШ өкілі Нейт Мэнесс болмақ. Жекпе-жек 6-мамыр күні Ньюарктегі (Нью-Джерси штаты) UFC 288 турнирінде өтеді деп күтіліп отыр.

Мэнесс кәсіби мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен және үш мәрте қарсыласына есе жіберген.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Жалғас Жұмағұлов ережесіз жекпе-жектен америкалық UFC лигасында өнер көрсетеді. Ол алты кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2012140-zalgas-zumagulovtyn-kelesi-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel