Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери қызметте жұмыс істейтін жеті баланың анасы туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Тұрсынай Керімбекова
Тұрсынай Керімбекова. Фото: Polisia.kz

Тұрсынай Керімбекова Ұлттық ұланда қызмет етіп жүрген жеті баланың анасы. Ол “Алтын алқамен” марапатталған, деп жазады Polisia.kz.

Тұрсынай Керімбекова Петропавл қаласы Ұлттық ұлан академиясы Әскери-ғылыми орталығының типография қызметінде аға маман лауазымында қызмет етеді.

Бүгінде 42 жастағы ару жолдасымен бірге төрт ер бала мен үш қызды тәрбиелеп отыр. Тұрсынайдың сөзінше, оған қызығып та, таңданып та қарайтындар көп.

"Барлығы ”қалай бәріне үлгересің?” деп сұрайды. Жұмыс пен үйдегі міндетті қалтқысыз атқаруда маған қолдау көрсететін жолдасым, ата-анамыз бен балаларымыз. Ұл-қыздарым әрдайым көмектеседі. Қызым тамақ пісіріп, үй жинап қояды. Кішкентайларым балабақшаға, мектепке барады. Олардың сабағын, үйірмелерін қадағалап, реттеп отыру керек. Бұл да менің парызым", - дейді көпбалалы ана.

Тұрсынай Керімбекова
Тұрсынай Керімбекова. Фото: Polisia.kz

Тұрсынайдың жұбайы да Ұлттық ұланда офицер. Осы уақытқа дейін ерлі-зайыпты қызмет бабымен қаладан қалаға көшіп, ел аралаған.

Қазіргі уақытта олар Петропавл қаласында тұрып жатыр.

"Қазақстанның көп қаласында қызмет атқардық. Мәскеуде де тұрған кездеріміз бар. Балалар да, мен де үйреніп қалдық. Өзім оңтүстіктің тумасымын, ал балаларым болса әртүрлі қалаларда дүниеге келді. Қазір үлкеніміз Алматыда оқиды, кіші балаларым жанымызда", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012160-askeri-qyzmette-zumys-isteitin-zeti-balanyn-anasy-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel