Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: Мбаппе мен Месси бастаған "ПСЖ" жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

Мбаппе жасыл алаңда
Мбаппе. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Түнде футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтті. Нәтижесінде "Бавария" мен "Милан" турнирдің келесі айналымына жолдама алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бавария" өз алаңында париждік "ПСЖ" клубын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Эрик-Максим Шупо-Мотинг, Серж Гнабри.

Қос команда арасындағы алғашқы ойында да мюнхендік ұжымның пайдасына аяқталған еді. Осылайша, "Бавария" Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алып отыр.

Ал "Тоттенхэм" мен "Милан" кездесуінде есеп ашылған жоқ. Нәтижесінде италиялық клуб турнирдің келесі айналымына жолдама алды. Себебі, "Сан-Сиро" стадионында өткен алғашқы матчта 1:0 есебімен Стефано Пиолидің шәкірттері жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012197-cempiondar-ligasy-mbappe-men-messi-bastagan-psz-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel