Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық ғалым Брюс Лидің әйгілі соққысының құпиясын ашты (видео)

Опубликовано:

Брюс Ли
Видеодан кадр: Youtube/Beerdy - Bruce Lee Central

Америкалық ғалым Ретт Аллен Брюс Лидің әйгілі соққысы бейнеленген видеоны талдап, оның құпиясын ашты, деп хабарлайды nplus1.ru.

Брюс Ли 1964 жылы каратэден өткен әлем чемпионатында алғаш рет бір дюймдік соққысын көпшілікке көрсеткен. Оның мәні - қысқа (бірнеше сантиметр) қашықтықтан қарсыласқа соққы жасау болып саналады. Бұл соққы спорт жанкүйерлері арасында өте танымал болды.

Аталған соққының неліктен қуатты екенін талдаған ғалым оған қатысты бірнеше деректі анықтады. Айтуынша, соққының осынша қуатты болуына соққы жасау кезінде Брюс Лиде кеңістік бойынша шектеу болмауы және осының арқасында онда өз денесін еркін басқара алу мүмкіндігі болғаны әсер етеді.

Физик видеоға Tracker Video Analysis бағдарламасын қолданған және оны сандық түрде сипаттады.

Нәтижені түсіндіру үшін ғалым Брюс пен Джо деп атаған екі адамның қарапайым физикалық моделін қолданған.

Алдымен ол соққыдан кейін ығысып, бір бағытта қозғала бастаған "Брюс+Джо" жүйесінің массалар ортасын зерттеді.

Оның дерегінше, бұл жерде үйкеліс басты рөл атқарған: Брюс орнында қалу фактісі Джоға берілген максималды серпіні қамтамасыз етеді. Егер демонстрация мұз үстінде болса, әсер әлсіруі мүмкін елі. Сондай-ақ, үйкеліс соққы күшімен бірге айналу сәтін тудырды, бұл Джоның артқа қарай құлауына алып келген.

Ретт Аллен спортшының салмағын 70 келі деп қарастырып, оның жылдамдығы мен екпінін есептеген. Оған сәйкес, секундына 1,16 метр және 83,3 келі/метр болды.

Видеоны қолдана отырып, ғалым соққы уақытын 0,12 секундқа бағалады, бұл орташа күшті есептеуге мүмкіндік берген. Нәтижесінде ол 694 Ньютонды құрады.

Белгілі болғандай, бұл күш орташа ересек адамды көтеруге жеткілікті.

Содан кейін физик Лиге ауысты. Оның координатасының уақытқа тәуелділігі аз монотонды сипатқа ие болды.

Соққы
Соққының моделі. Фото: Rhett Allain / wired.com

Алайда ол соққыдан бұрын секундына 0,36 метр жылдамдықпен ұзындығы шамамен 10 см болатын біркелкі қозғалыс мүмкіндігіне ие болған.

Осы орайда америкалық ғалым егер соққы қалыпты соғысумен ауыстырылса және спортшылардың салмағы тең деп есептелсе, Джо соққыдан кейінгі жылдамдықтан шамамен үш есе аз жылдамдыққа ие болатынын жеткізді.

Аллен бір дюймдік соққының сәттілігінің құпиясы бүкіл дененің импульсін үйлестіру және оны жұдырыққа бағыттау деп баға берді.

Оның сөзінше, соққының денесі жүріп өткен қашықтықты ескере отырып, соққыны бір дюйм деп санау мүлде дұрыс емес.

Америкалық ғалым сөзін қорытындылай келе дәл осындай соққыны жасау үлкен дайындық пен шеберлікті қажет ететінін атап өтті,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012201-amerikalyq-galym-bryus-lidin-aigili-soqqysynyn-qupiyasyn-asty/

pixel