Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздармен көңіл көтерген англиялық танымал ойыншы кафеде іш киімін шешіп тастады

Опубликовано:

Кайл Уокер жасыл алаңда
Кайл Уокер. Фото: instagram/kylewalker2

Футболдан "Манчестер Сити" клубы мен Англия құрамасының қорғаушысы Кайл Уокердің басы дауға қалды. Ойыншы жергілікті кафелердің бірінде көңіл көтеріп, іш киімін шешіп тастаған деп жазады The Sun басылымы.

Аталған жағдай жексенбінің кешінде орын алды. Футболшы достарымен барда көңіл көтеріп, шамадан тыс алкоголь қолданған. Мас күйінде жас қыздармен көңіл көтерген Уокер шалбарын шешіп тастап, көпшілікке жыныс мүшесін көрсеткені де бейнекамераға түсіп қалады.

Футболшының қасында оның әйелі Энни болған жоқ.

Бұған қатысты полиция футболшыдан жауап алуы мүмкін. Егер іс қозғалатын болса, бұл бап бойынша берілетін ең ұзақ жаза - 2 жылға бас бостандығынан айыру.

Кайл Уокердің бұл әрекетіне қатысты "Манчестер Сити" ойыншыны жазаламайтынын айтты. Себебі бұл Уокердің жеке өмірі болғандықтан, клубтың аралсуға құқығы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012218-qyzdarmen-konil-kotergen-angliyalyq-tanymal-oiynsy-kafede-is-kiimin-sesip-tastady/

pixel