Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасының қатысуымен өткен ойында сенсация тіркелді

Опубликовано:

Александр Бублик Дэвис кубогінде бақ сынайды
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Америка Құрама штаттарында өтіп жатқан Индиан Уэллс мастерс турнирінің алғашқы айналымында сүрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 175-орында тұрған Тайбэй өкілі Ву Тун Линмен шеберлік байқасты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған ойында 6:4, 6:4 есебімен Ву Тун Лин жеңіске жетті.

Осылайша, Александр Бублик Индиан Уэллс мастерс турнирінің келесі кезеңіне шыға алмады.

Енді тайбэйлік спортшы екінші айналымда ұлыбританиялық Кэмерон Норримен ойнайды.

Америка Құрама штаттарында өтіп жатқан турнир 19-наурызда өз мәресіне жетеді.

Айта кетейік, Александр Бублик пен Ву Тун Лин арасындағы кездесу басталғанға дейін спорт сарапшылары мен жанкүйерлер отандық теннисші жеңіске жетеді деп болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012256-qazaqstannyn-birinsi-raketkasynyn-qatysuymen-otken-oiynda-sensaciya-tirkeldi/

pixel