Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі футболшы жаттығу кезінде көз жұмды

Опубликовано:

Африкалық футболшы
Фото: cafonline.com

Оңтүстік Африка республикасының біріншілігінде өнер көрсететін "Ричардс Бэй" клубының футболшысы Сифамандла Мтоло жаттығу кезінде көз жұмды. Ол 29 жаста болатын, деп хабарлайды Африка футбол конфедерациясының (CAF) ресми сайты.

Қайғылы жағдай 8 наурыз күні таңертең тіркелген. Белгілі болғандай, футболшы жаттығу кезінде есінен танып қалып, кейінірек көз жұмған.

"Ричардс Бэй" клубы футболшының өлімінің себебін атаған жоқ.

"Африка футбол конфедерациясы "Ричардс Бэй" клубына Оңтүстік Африка республикасының чемпионатының жоғарғы лигасына шығуға көмектескен ойыншыны қимайтынын жеткізді. Ұйым Сифамандла Мтолоның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012261-belgili-futbolsy-zattygu-kezinde-koz-zumdy/

pixel